27 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы  №58

245 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2016 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау  органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі бекітілсін. 2. Академияның Ректоры Ұ.С.Байжанов: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннанкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы №58 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктілік тізбесі № п/п Шифр Мамандық (дәреже) Біліктілік атаулары 1. 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық магистрі (бейінді бағыт) - 2. 6М030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт) - 3. 6D030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (ғылыми және педагогикалық бағыт) - 4. 6М030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша құқық магистрі (бейінді бағыт) - 5. 6М030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт) - 6. 6D030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (ғылыми және педагогикалық бағыт) - Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13654 болып енгізілді.